Golden Boy Promotions қазақстандық боксшыға келісімшарт уәде етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Бобиржон Моминов Golden Boy Promotions компаниясымен келісімшартқа отыруы мүмкін, бұл туралы ол Sports.kz-ке айтып берді.

«Осы жолғы шартты аяқтағаннан кейін келісімшарт жасасуға уәде етті, алайда, алдымен оларға қолымнан не келетінін көрсетуім керек», - деп хабарлады Моминов.

Қазақстандық боксшы Бобиржан Моминов мексикалық Сауль Альварестің Головкинге қарсы дайындығында спарринг-көмекші болатынын бұған дейін хабарлаған едік.

Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Қазірдің өзінде барлық билеттер сатылып кеткен. Уақыт айырмашылығына байланысты аталған жекпе-жек Қазақстанда 17 қыркүйек күні таңертең көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар