Гиннестің рекордтар кітабына енген алып асық қаңсып далада жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Гиннестің рекордтар кітабына енген, ЕХРО төрінде тұруы тиіс алып асық қаңсып далада жатыр. Бұл жаңалықпен ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алты Алашқа мәлім болған алып асықтың тағдыры алаңдатады.  50 мың дана асықтан тоқылып жасалған алып асықты 2 ай бұрын EXPО көрмесіне қояды екен деп жаңалықтардан көрсетіп еді. Енді міне, Гиннестің рекордтар кітабына енген 2 тонналық алып асық жоғарыда уәде етілген көрмеде емес, күнге қаңсып палатканың астында тұр. Белгісіз себептермен EXPO-ға бармай қалған асықты Болат мырза енді Ұлттық музейге тапсыруға дайын», - деп жазды ол.
null

Айта кетейік, осыған дейін ҚазАқпарат Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасай отырып, Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны ЭКСПО көрмесіне алып асықты сыйға тартқанын хабарлаған болатын. ШҚО-ның Тарбағатай ауданындағы Ырғызбай әулие мұражайының директоры Болат Тағабай алып дүниені жасап шығуға 50 мың кәдімгі асық пайдаланған, оның ұзындығы - 4 метр, ал биіктігі - 3 метр.

 

Соңғы жаңалықтар