USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Гинцбург: «Спутник V» вакцинасын алғаннан кейін кез келген вакцина салдыруға болады

2021 жылғы 29 қараша 12:25
Бөлісіңіз:
Гинцбург: «Спутник V» вакцинасын алғаннан кейін кез келген вакцина салдыруға болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ковидке қарсы «Спутник V» вакцинасын салдыртқан соң, қайта егу үшін кез келген вакцинаны қолдануға болады, бірақ ең жақсы қорғаныс беретін - «Спутник Лайт». Бұл ретте Moderna немесе Pfizer сияқты мРНК-вакциналарын «Спутник V»-пен бустерлеген жөн. Бұл туралы Н.Ф.Гамалея атындағы орталық директоры Александр Гинцбург мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысына «Спутник Лайт» вакцинасының 3 мың дозасы жеткізілді Алматыда 124 мыңға жуық егде жастағы адам вакцина алды Қазақстанда қанша жасөспірім мен жүкті әйелдер Pfizer вакцинасын салдырды

«Спутник V» вакцинасының дельта штамға қарсы тиімділігі түрлі бағалау бойынша 83-90 пайыз аралығында. Бұл – басқа екпелерге қарағанда әлдеқайда жоғары. Сондықтан Moderna мен Pfizer-ді «Спутникпен», ал «Спутник V»-ті «Спутник Лайтпен» бустерлеген жөн. Басқа вакциналармен бустерлеуге де болады, бірақ ұсынылған әдіс – ең тиімдісі», - деп баяндады ғалым.

Ол РКН-вакциналарының коронавирустың «дельта» алдынғадығ штамдарына қарсы жақсы иммундық жауап беретінін түсіндірді. «МРНК-вакциналар жақсы, бірақ олардың жасушаларымызға жеткізетін антиген ақуыздың бір кеңістік пішінде орналасатынындай құрылған. Оның «дельтаның» алдында пайда болған Ухань және тағы басқа штамдарға қарсы иммундық жауабы өте жоғары», - деп қосып өтті ол.

Бұған дейін РФ Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко «Спутник V» вакцинасын салдыртып, қайта егуге «Спутник Лайтты» қолданудың тиімділігі өте жақсы нәтиже көрсетіп отырғанын, коронавирустан қорғаныстың 92 пайыздан асқанын мәлімдеген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT