Германиядағы жарылыс: зардап шеккендер саны 31-ге жетті, бірнеше адам із-түссіз жоғалған

None
None
БЕРЛИН. ҚазАқпарат - Германияда Леверкузен қаласындағы қоқыс шығару орталығында болған жарылыстан зардап шеккендердің саны 31-ге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Suddeutsche Zeitung газетіне сілтеме жасап.

Басылымның ақпаратына сәйкес, кем дегенде бір адам қаза тапты, 31 адам жарақат алды, тағы төртеуі із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұған дейін 16 жәбірленуші туралы хабарланған болатын. Олардың екеуінің жағдайы ауыр.

Айта кетсек, сейсенбіде таңертең жергілікті уақыт бойынша 09:40-та Висдорф ауданындағы (Леверкузен қаласы) Чемпарк индустриалды аймағында орналасқан Currenta GmbH & Co. компаниясына қарасты химиялық зауытта алаапат жарылыс болды. Апат салдарынан болған т өртті сөндірудің сәті түсті.

Chempark операторының өкілінің айтуынша, жарылыс химиялық заттардың, атап айтқанда құрамында хлор бар еріткіштердің жануынан болған.


Соңғы жаңалықтар