+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Германиядағы су тасқыны: компаниялардың шығыны 500 млн еуродан асты

2021 жылғы 27 шілде 03:31
Бөлісіңіз:
Германиядағы су тасқыны: компаниялардың шығыны 500 млн еуродан асты

БЕРЛИН. ҚазАқпарат - Алдын ала есептеулер бойынша, Германияның батысында болған су тасқыны салдарынан Ах өзені аңғарында орналасқан компанияларға келтірілген материалдық шығын 500 миллион еуродан асты, деп хабарлайды ҚазАқпарат DPA агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Президент Германиядағы Linde Group компаниясының өкілін қабылдады

Сауда-өнеркәсіп палатасы (IHK) мен Қолөнер (HwK) палатасының деректеріне қарағанда, 800-ге жуық кәсіпорын - IHK мүшелері, сондай-ақ HwK құрамына кіретін 800 компания табиғи апаттан зардап шеккен. Олардың 71 пайызы- шағын бизнес. Сонымен бірге, қонақ үй бизнесінің өкілдері де қомақты шығынға ұшырап отыр. Агенттіктің хабарлауынша, шамамен 560 миллион еуро көлеміндегі шығынның негізгі бөлігі қираған ғимараттардың еншісінде. Бұларда жабдықтар, құралдар мен тауарлар бүлінген.

«Өңір экономикасы негізінен туризмге байланысты», - дейді IHK басқарушы директоры Арне Рессел. «Алдымен коронавирус пандемиясы салдарынан кәсіпорындардың жұмысы тоқтады, енді табиғи апатты бастан кешіп отырмыз. Бұл су тасқыны экономикаға, әсіресе Ар өзені бойындағы сауда жасаушыларға, қонақүйлерге және рестораторларға үлкен зиян келтірді», - деп қосты ол.

Басқарушы директордың атап өтуінше, зардап шеккен компанияларға 5 мың еуро көлемінде шұғыл көмек көрсетудің орны ерекше болып отыр.

Айта кетер болсақ, 12 шілдеден бастап Германияның батысы мен оңтүстік-батысында нөсер жаңбыр салдарынан жойқын су тасқыны болды. Рейн-Ахр мен Мозель, сондай-ақ Сауэр, Прюм, Нимс, Киль және Эрфт өзендері арнасынан асты.

Табиғи апат салдарынан 180-ге жуық адам көз жұмды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT