Германиядағы су тасқыны: Апат елдің шығысына қауіп төндіруде

None
None
ГЕРМАНИЯ. ҚазАқпарат – Германияның батысындағы су тасқыны апаты құрбандарының саны 140 адамнан асты. Бундесвер қатысып жатқан іздеу-құтқару жұмыстары мұнымен тоқтап қалмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Хабар-ошарсыз кеткендер жүздеген адамнан асты. Алайда билік бұл сандар үнемі жаңарып отыратынын баса айтады, өйткені көптеген елді мекендер мен тұтас аймақтар байланыссыз және жарықсыз қалды. Өзендерде орналасқан бірнеше су электр стансасы жұмысын бірден тоқтатты, ал жөндеу ұзақ уақытқа созылады.

Қазір су деңгейі біртіндеп төмендеп келе жатыр, жергілікті тұрғындар үйінділерді тазалай бастады.

Жексенбі күні канцлер Ангела Меркель Рейнланд-Пфальцке баруды жоспарлап отыр. Бұл аймақ басқаларға қарағанда қатты зардап шеккен, онда жүзге жуық адам өлген.

Сонымен қатар, су тасқыны Германияның шығысына қарай ығысты, сарапшылардың пікірінше, бұл есте қалатын су тасқыны болуы мүмкін. Төтенше жағдай режимі Баварияның оңтүстік-шығысында енгізілді. Онда бірқатар аймақта тұрғындарға төменгі қабаттарға түспеуге және көшеге шықпау керектігі ескертілді. Саксонияның шығысында да қатты нөсер жауды.


Соңғы жаңалықтар