Германиядағы атыстан 8 адам мерт болып, 5 адам жарақаттанды

None
None
ХАНАУ. ҚазАқпарат – Батыс Германия полицейлері Ханау қаласында 8 адамды атып кеткен қылмыскерлерді іздестіруді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Deutsche Wellеге сілтеме жасап.

Жергілікті полиция өкілдерінің хабарлауынша, Германияның Ханау қаласында сәрсенбі күні кешке екі жерде болған атыс салдарынан 8 адам мерт болып, тағы 5 адам жарақат алды. Қайғылы оқиға 19 ақпан күні кешкі сағат 10:00-дер шамасында қаланың әртүрлі бөлігінде орналасқан екі кальян барында болған.

Қылмыскерлер қаланың ортасындағы бірінші барда атыс қаруынан үш адамды өлтірді. Содан кейін Кессельштадт ауданындағы екінші кальян барына барып, бес адамның өмірін қиды.

Билік өкілдері ауданды толығымен қоршауға алды, полиция оларды іздестіріп жатыр. Оқиғаның себебі түсініксіз, полиция азаматтарды оқиғаға қатысты қандай бір мәлімет болса – құқық қорғау органдарымен байланысуға шақырды.

Айта кетсек, Ханау – 100 000 тұрғыны бар Гессен жеріндегі қала. Ол Франкфурттың шығысына қарай 25 шақырым жерде орналасқан.


Соңғы жаңалықтар