Германияда вакциналанған адамдарға жеңілдік жасалмақ

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Германияның денсаулық сақтау министрі Йенс Спан толығымен вакциналанған ГФР тұрғындары қалыпты өмір салтына жылдам орала алатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Германияның денсаулық сақтау ведомствосының басшысы вакцина алған адамдар коронавирусқа тапсырған тестісі теріс нәтиже көрсетуі тиіс деген сияқты шектеу шараларынсыз саяхаттауға, дүкендерге немесе шаштараздарға бара алатынын айтты.

Й.Спан өзінің мәлімдемесін неміс ғалымдарының Федералдық денсаулық сақтау министрлігіне жасаған баяндамасының соңғы ғылыми нәтижелеріне негіздеді.

Немістің Роберт Кох атындағы Аурулармен күрес институты толық вакциналанған адамдар енді карантинге жатқызылмауы мүмкін деп санайды.

Институт екінші дозаны алғаннан кейін 15 күн өткен соң вакциналанған адамдардан инфекцияның берілу қаупі инфекция белгілері жоқ тұлғаларға қарағанда аз болғанын және тек антигенге экспресс тестісі теріс болғанын айтады.

Қазіргі уақытта Германия тұрғындарының 12%-дан астамы COVID-19-ға қарсы екі факторлы вакцинаның алғашқы дозасын алды, бұл 10 миллионнан астам азаматты құрайды.

Автор: Арнұр Рахымбеков


Соңғы жаңалықтар