Германияда теракт жасамақ болды деген күдікпен төрт адам ұсталды

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Неміс полицейлері сәрсенбі күні теракт жасамақ болған күдіктілерді ұстады, олар Тәжікстан азаматтары, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Германияның батысындағы Солтүстік Рейн-Вестфалия жерінің құқыққорғаушылары күдіктілерді Эссен және Дюссельдорф қалаларының маңында тұтқындады. Төртеуі де Тәжікстаннан шыққан, ДАИШ мүшелері.

Тұтқындалған төрт азамат соңғы жылда қамауда отырған бесінші жақтасымен бірге Ауғанстан мен Сириядағы ДАИШ өкілдерімен байланысып, нұсқау алып отырған.

Германиядағы АҚШ қарулы күштерінің мекемесі немесе жеке тұлғалар шабуыл құрбанына айналар еді. Күдіктілер көпшілік алдында исламға қатысты сыни ойлар айтқан адамды өлтіруді жоспарлаған.


Соңғы жаңалықтар