12:20, 20 Қазан 2020 | GMT +6
Германия Қорғаныс министрлігіне гуманитарлық көмек көрсетті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы халықаралық әуежайына Қазақстанның Қарулы Күштері үшін Германиядан гуманитарлық көмек ретінде жүк келді. Бұл туралы ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Мүлікті кедендік тазарту «СК-Фармация» ЖШС-мен бірлесіп жүргізілді.
Медициналық қажеттіліктер мен жабдықтар COVID-19-бен күресуге арналған. Өкпені жасанды желдету аппараттары, термометрлер және бір реттік бет перделер эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу үшін әскери бөлімдерге берілетін болады», делінген хабарламада.