Геологиялық барлауға тартылған инвестиция көлемі 158 млрд теңгені құрады - Нұрлан Ноғаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен жылдың қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыруы 21 млрд теңгені құрады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев халық алдында есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда көмірсутек шикізатын барлау мен өндіруге арналған 235 келісімшарт тіркелген, оның ішінде: «барлауға» – 54, «бірлесіп барлау мен өндіруге» – 96, «өндіруге»– 74, «Өнімді бөлу туралы келісім» бойынша – 11. Уран бойынша 25 келісімшарт тіркелген», - дейді ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев

Оның айтуынша, геологиялық барлау жұмыстарына инвестиялардың көлемі –158,4 млрд теңгені құрады.

«Жыл қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың есебінен 144 мыңнан астам қазақстандық маман оқыту, біліктілікті арттыру немесе қайта даярлау рәсімінен өтті. Қазіргі уақытта Министрлік жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруы бойынша міндеттемелерін орындау жөніндегі жұмыстарды жүргізіп отыр. Бүгінгі таңда жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруы бойынша міндеттемелері жер қойнауын пайдалануға арналған 163 келісімшартта көзделген», - дейді ол.

2019 жылғы қорытынды бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруы 9,9 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ, өткен жылдың қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру 21 млрд теңгеге жетті.


Соңғы жаңалықтар