Геннадий Головкинді НБА жұлдызымен салыстырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxingscene.com комментаторы және журналист Кори Эрдман өткен демалыс күні спортшылар жақсы нәтиже көрсеткендіктен, Геннадий Головкинді НБА-ның ең танымал ойыншысы Леброн Джеймспен салыстырды, деп хабарлайды sports.kz.

«Головкин  мен Леброн демалыс күні ұқсастықтарын көрсетті. „Торонто" НБА плей-офф матчында жеңіске таяп қалып еді, кейін Леброн қосылды. Оның қиын сәттерде суырылып шығатын қабілеті бар. Бұл жолы да ол шешуші кезеңде команданы алып шықты. Лебронның Jordan бренді бойынша жақтасы Головкинге Мартиросянмен айқасты аяқтау үшін 48 минут қажет болған жоқ. Ванес „Торонто" сияқты лайықты қарсылас, алайда элитаға шамалы жетіңкіремейді. Мартиросян Головкинмен жекпе-жектің бірінші раундында бірнеше жақсы әрі нақты соққылар берді. Екінші раундқа шығардың алдында Головкиннің көзқарасы Леброндікіндей еді, қарсыласының жүрегіне қанжар тығып алатын ашулы адам сияқты қарады. Содан кейін Головкин рингке шығып, бірнеше мықты панчтармен барлығын аяқтады. Бұл ешкім күмәндана алмайтын айқын сәт болатын. Леброн сияқты, Головкин үшін де әлемдегі үздік спортшы мәртебесіне тек қана уақыт қауіп төндіре алады», - деп жазды Эрдман.

Еске салайық, 5 мамырда Карсондағы  StubHub Center аренасында (АҚШ, Калифорния штаты) Головкин америкалық Ванес Мартиросянді мерзімінен бұрын жеңді.

Соңғы жаңалықтар