Геннадий Головкин America's Got Talent шоуына қатысқан Данелия Төлешованы қолдауға шақырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин America's Got Talent шоуында бақ сынап жатқан жас әнші Данелия Төлешованы қолдауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спортшы Twitter парақшасында американдықтарды Данелияға дауыс беруге үндеді.

«Данелия Төлешова қандай талантты! Біз сені мақтан тұтамыз! Қолдап дауыс берейік», - деп жазды Головкин.

Айта кету керек, 14 жастағы қазақстандық әнші Данэлия Төлешова America’s Got Talent финалында өнер көрсеткен болатын.

Финалда 14 жасар қазақстандық жас дарын Sia атты танымал әншінің «Alive» әнін шырқады.

Жалпы, байқаудың соңғы шешуші кезеңінде 10 әнші бақ сынаған, оның ішінде алтауы - әртүрлі жастағы вокалистер.

Еске салар болсақ, Данэлия Төлешова шілде айының соңында америкалық America’s Got Talent жобасының үшінші турына өткен болатын. Әлемге танымал байқау пандемияға байланысты онлайн форматта ұйымдастырылды.

Жас әнші байқауда қазылар алқасын таң қалдырған еді. Оның өнеріне тәнті болған зал тік тұрып, қол соқты.



Соңғы жаңалықтар