Ғажайып көрініс: Ақтау маңындағы қоқиқаздардың видеосы жарияланды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде Маңғыстау облысы аумағына ұшып келген қоқиқаздардың әдемі көрінісін көрсететін видео тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осындай ерекше сәттер үшін мен өз өлкемді сүйемін», - деп жазды видео авторы Азамат Сәрсенбаев.

Жыл сайын күзде жылы жаққа ұшып барар жолда қоқиқаздар тобы Маңғыстау облысына аялдайды.


Айта кетер жайт, қызғылт қоқиқаздар Қорғалжын қорығындағы Теңіз көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды.

Бұл қорық ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік табиғи мұрасы тізіміне енгізілген.


Соңғы жаңалықтар