Газа секторындағы қақтығыс: Израиль резервтегі 9 мың адамды әскерге шақырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Газа секторындағы қақтығыстың шиеленісуіне байланысты Израиль 9 мың резервшіні әскерге шақырады және жердегі операцияға дайын екенін мәлімдейді. Палестиналықтардың зымыран шабуылынан қаза тапқандар саны 100-ден асты. Газада 600-ден астам нысан қираған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews агенттігіне сілтеме жасап.

Дүйсенбіден бастап Израильде бір жарым мыңнан астам зымыран атылды. Оның 90%-ына тосқауыл жасалды, деп хабарлайды жергілікті билік.

«Темір күмбез» жүйесін қорғаудың арқасында біз шабуыл жасай аламыз. Израиль қорғаныс әскері қазірдің өзінде жүздеген нысанаға дәл соққы берді, жақында олардың саны мыңнан асады. Біз өз азаматтарымызды қорғау үшін ХАМАС-қа соққы береміз», - дейді Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.

Қозғалыс өкілдерінің өзі де күресті жалғастыруға бел буып, бір уақытта жауға қарай жүзге жуық зымыран жібере алдық деп мәлімдеді.

«Тель-Авивке, Иерусалимге, Димонға, Ашкелонға, Ашдодқа, Беер-Шеваға және басқа да қалаларға соққы беру біз үшін су ішуден де оңай болды. Әрі қарай да осылай болады», - дейді ХАМАС қозғалысының жауынгерлік қанатының өкілі Абу Убайда.

БҰҰ тараптарды қақтығысты ушықтырмауға шақырады.

Бас хатшы Антониу Гутерриш елді мекендерді таңдамай атуға жол берілмейтінін мәлімдеді.


Соңғы жаңалықтар