Газ экспортын 5 млрд текше метр деңгейінде сақтау керек - QazaqGaz

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан газының экспортын 5 млрд текше метр деңгейінде сақтау керек. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішкі нарықты дамыту бағытында компания 2030 жылға қарай газдандыру деңгейін 65 пайызға дейін арттыруды және шығынды ахуалды еңсеруді жоспарлап отыр. Елімізде газдандыру бас кестесін жүзеге асыру тәуелсіз газ тарату ұйымдарының жеке инвестицияларын тарту арқылы жалғасады», - деді С. Жаркешов.

Оның айтуынша, газды тасымалдау бойынша жаңа бағыттарды іске асыру осы жобалар тиімді болса ғана жүргізіледі.

«Сонымен қатар, Қазақстан газының экспортын 5 млрд текше метр деңгейінде сақтауға басымдық берілуі керек. Бұл өз кезегінде ұлттық компания шығынға батпауы үшін маңызды», - деді басқарма төрағасы.

Оның сөзіне қарағанда, компания коммерциялық тұтынушыларға тауарлы газды өткізу саласында делдал құрылымдарды жою бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр.

«Мәселен, QazaqGaz-дан бір текше метрін 5,5 теңгеден сатып алып, кейін оның текше метрін 32 теңгеден өткізген делдал анықталды», - деді компания басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2025 жылға қарай отандық газдың тапшылығы болуы мүмкін.

Ел ішінде газ тұтыну көлемі тұрақты түрде өсіп келеді.

Ел өңірлерін газдандыру жұмысына қосымша 50,1 млрд теңге бөлінді.



Соңғы жаңалықтар