Гавай аралдарында жанартау атқылап, күл шашып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні Гавай аралдарының шығыс бөлігінде Килауэа жанартауының өзегінен қуатты күл атқылаған, деп хабарлайды ТАСС  АҚШ-тың Геологиялық қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегі бойынша, күл жанартау өзегінің ішіндегі тау жыныстарының опырылуы салдарынан атқылаған. Бұл жер асты суларына дейін кратердегі лава деңгейінің төмендеуіне байланысты емес, делінген Геологиялық қызметтің таратқан хабарламасында.

Бұдан бұрын ведомство алдағы аптада Килауэаның тағы да атқылайтынын мәлім еткен болатын. Аталып өткендей, жанартау кратеріндегі лава деңгейінің тұрқты төмендеуі «алдағы аптада жарылыспен қатар жүретін атқылауға» әкеліп соқтыруы мүмкін.

Штаттың төтенше жағдайлар агенттігі Ланипун ауданында екі жаңа жанартау жарығының пайда болғанын растады.  Бұл жарықтардан улы газдар шығып жатыр. Оның дерегі бойынша, мұндай жарықтардың саны 14-ке дейін өскен. Осыған байланысты билік жаңа эвакуация жариялады. 2 мыңнан астам адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

0,347 шаршы шақырымға жайылған лава 35 үй-жайды жойды.  Деректер бойынша, ешкім табиғи апаттан зардап шекпеген.

3 мамырда  Килауэа  жанартауының атқылауымен қатар, қуаты 6,9 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуінің эпицентрі  Хавайиан-Пэрадайс-Парк (Пуна округі) аумағынан оңтүстік-батысқа қарай 25,5 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы 5 шақырым тереңдікте жатыр.

Соңғы жаңалықтар