Ғарышта алғаш рет кино түсіріледі: Байқоңырдан арнайы экипаж ұшып шықты

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат – Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-19» көліктік басқарылатын кемесімен бірге «Союз 2.1 а» зымыран-тасығышы ұшырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресейлік ғарышкер Антон Шкаплеров, актриса Юлия Пересильд және режиссер Клим Шипенко ғарышта алғаш рет көркем фильм түсіру үшін Халықаралық ғарыш стансасына аттанды.

«Вызов» атты драма ғарышкердің өмірін құтқарып қалу үшін орбитаға ұшатын дәрігер әйел туралы. Ұшырылым сәтті өтті. «Союз 2.1а» зымыран-тасығышы Нұр-Сұлтан уақытымен 14 сағат 55 минутта ғарыш айлағының 31-ші алаңынан ұшырылды. Оларды шығарып салуға көптеген қонақтар, соның ішінде танымал ресейлік актерлер, ғарышкерлер, Бірінші арна басшылығы, БАҚ өкілдері келді.

ХҒС-66 экипажы 3 сағат 17 минуттан кейін Халықаралық ғарыш стансасына жетуі тиіс.



Авторы: Сара Қабиқызы


Соңғы жаңалықтар