Ғарыш мониторингі қазба байлықты рұқсатсыз қазып жатқандарды анықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ғарыштан жасалған мониторинг нәтижесінде ел территориясында қазба байлықты заңсыз өндірген 21 оқиға тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігінің мәліметінше, космомониторинг арқылы 1,1 млн га жайылым, 19,6 млн га егістік жері игерілмей жатқаны анықталған.

«Жердің цифрлық нұсқасын жасау барысында 2 641 заңсыз ағаш кесу полигоны, 6,5 млн га өртенген жер, 7,3 мың қоқыс орны белгілі болды. Сондай-ақ пайдалы қазба байлықтарды заңсыз өндіру бойынша 21 оқиға, жерді заңсыз иелену бойынша 391 мың оқиға анықталды», - делінген министрлік мәліметінде.

Бұдан өзге ведомства Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы 5G технологиясын енгізу бойынша сынақ жүргізген.

Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры Мейірбек Мұқатов бұл бағыттағы жұмыс сәтті аяқталғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар министрлік биыл 140 ауылда интернет сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар