«Гарант 24» ломбардының үстінен 29 БҚО тұрғыны шағым түсірді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-ға қатысты шара қолдану жөнінде 29 Батыс Қазақстан облысының тұрғыны шағым түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, тұрғындар 21 ақпан күні жүгінген.

Жедел іздестіру шаралары барысында «Гарант 24 Ломбард» ЖШС филиалының өңірлік директоры, 1980 жылғы облыс тұрғыны қолға түсіп, тексеру кезінде келісімшарттар, басқа да құжаттар тәркіленді.

Облыс тұрғындары «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-ға шамамен 5 млрд астам теңге салған. Олардың ішінде пайда көргендер де бар.

Сол секілді облыстың екі тұрғынынан «ЕSTATE Ломбард» ЖШС-ға қатысты шара қолдану жөнінде арыз түсті.

Жедел іздестіру шаралары барысында бұл серіктестік филиалының өңірлік директоры, 1987 жылғы тұрғын ұсталды.

Өңір тұрғындары бұл компанияға 800 млн теңгедей қаржысын берген.

Аталған деректер бойынша ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.

«Күні бүгін тұрғындарға келтірілген шығын, басқа да жәбірленушілер анықталу үстінде. Соңғы кезде өңірде алаяқтық деректері көбейіп кетіп отыр», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Б.Белгібеков.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда екі адамның шағымдауны бойынша «Гарант 24 Ломбард» директоры ұсталғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар