Гандболдан Олимпиадаға іріктеу: Қазақстан құрамасы жеңіліп қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиадаға іріктеу сатысындағы алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іріктеу ойындары Мажарстанда өтуде. Қазақстанның қарсыластары - Мажарстан, Ресей және Сербия құрамалары.

Алғашқы ойынында қазақстандық гандболшылар Мажарстан құрамасымен кездесті. Бұл кездесуде алаң иелері басымдық танытты. Осылайша құрамамыз қарсыласына 19:46 есебімен жол берді. Алғашқы турда Ресей Сербияны 29:24 есебімен тізе бүктірді.

Енді қазақстандық гандболшылар бүгін, 20 наурызда Ресей, 21 наурызда Сербиямен кездеседі.

Естеріңізге сала кетелік, құрамамыз 2008 жылы Олимпиада ойындарында бақ сынап, жалпы командалық есепте оныншы орынға табан тіреген болатын.

Айта кетейік, Қазақстан Токио Олимпиадасына 100 жолдама иеленуді жоспарлап отыр.


Соңғы жаңалықтар