Гандболдан АЧ: Қазақстан қыздар құрамасы қатарынан 2 рет жеңіске жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін гандболдан қыздар арасындағы Азия чемпионатының екінші турында Қазақстан құрамасы Гонконгтен басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық спортшылар Гонконг қыздарын 31:29 есебімен жеңді. Бірінші кезеңде қазақстандық спортшылар 17:14 есебімен тізе бүктірсе, екінші кезеңде оларға 14:15 есебімен жол берді.

Қыздар А тобында Оңтүстік Корея, Гонконг, Сингапур, Қатар, Өзбекстан құрамаларымен сынға түседі.
Қазақстандық гандболшылар енді 17 қыркүйекте Өзбекстанмен шеберлік байқасады. Ал 21 қыркүйекте Оңтүстік Кореямен кездеседі.
Ұлттық құрама бұдан бұрын Сингапурден 33:18 есебімен басым түсті.
Ал В тобында Иордания, Жапония, Иран, Үндістан, Кувейт, Ауғанстан бар.
Азия чемпионатында 23 қыркүйекте жартылай финал өткізілсе, финал 25 қыркүйекке белгіленген.
Айта кетсек, құрлықтық дода 1987 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Бұған дейін Оңтүстік Корея 14 мәрте чемпион атанды. Ал Қазақстан құрамасы 2002 және 2010 жылдары екі мәрте жеңімпаз тұғырынан көрінді. Ал Жапония бір мәрте алтыннан алқа тақты.


Соңғы жаңалықтар