+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Ғалымдар Жер бетінде  жаңа рекордтық аптап ыстық болатындығын ескертті

2021 жылғы 27 шілде 03:26
Бөлісіңіз:
Ғалымдар Жер бетінде  жаңа рекордтық аптап ыстық болатындығын ескертті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жер бетінде температураның жоғарылау үрдісі жылдамдауда, бұл таяу онжылдықтарда ыстықтың үдей түсуіне соқтырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Axios жаңалықтар сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Францияда 49 жолаушы мінген автобус апатқа ұшырады Әлемдегі ең көп титулға ие футболшы «Сан -Паулу» клубында ойнаудан бас тартты Италияда торнадо салдарынан екі адам қаза тауып, бірнешеуі жарақат алды

Цюрихтің Жоғары техникалық мектебінің ғалымдары ауа-райының әдеттен тыс ыстық кезеңдері парниктік газдардың бөлінуімен байланысты болуы мүмкін екенін анықтады. Газ шығарындылары неғұрлым жоғарылаған сайын аптап ыстық ұлғая бермек. Зерттеушілер сонымен бірге Жердің он жыл ішінде 0,18 градусқа дейін жылынатынын көрсетті.

Бұл тұжырымдар парниктік газдар шығарындыларын азайту керектігін көрсетеді.

Сонымен қатар, ғалымдар парниктік газдар Жердің климатын тез өзгертіп отырғандықтан, қазіргі қолға алынып жатқан шаралар жеткіліксіз деген пікір білдіріп отыр.

«Алдағы онжылдықтарда қазіргі температуралық көрсеткіштерден әлдеқайда асып түсетін рекордтық аптап ыстыққа дайындалуымыз керек», - дейді зерттеуге қатысушы Эрик Фишер.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT