+7 (701) 759 90 19
USD 384.63 EUR 427.98
RUB 6.08 CNY 54.68
Jańalyqtar

Ғалымдар Жайық популяциясының 10 киігін спутник арқылы бақылайды

2019 жылғы 22 қараша 21:54
Бөлісіңіз:
Ғалымдар Жайық популяциясының 10 киігін спутник арқылы бақылайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығы (ҚБСҚ) мен ҚР БҒМ «Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты» (БҚМ ҒЗИ) РМК бірлескен экспедициясы Батыс Қазақстан облысында 10 киікке GPS сенсоры бар мойынбау тақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат қауымдастық сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО тұрғыны 348 дана киік мүйізімен ұсталды Қорғалжын қорығында киік атқандардың ісіне екі қорықшының қатысы болған Табиғатты қорғау инспекторы қандай жағдайда қару қолдана алады

15 қарашада басталған экспедиция барысында зерттеушілер барлығы 12 бөкенді ұстады. Олардың ішінде 3 жастан аспаған 10 ұрғашы киікке GPS треккерін тақты, екі сайғақтан (текесі) биоматериал сынамалары алынды.

Жүйрік дала киіктерін ұстап алу оңай емес, оларды қолға түсіру ҚБСҚ-ның 2009 жылғы тәсілімен жүргізілді.

Бұл жұмыстар ҚБСҚ мен БҚМ ҒЗИ арасындағы ғылыми серіктестік туралы келісім аясында іске асырылды. Таңбаланған киіктерді екі ұйым да бақылап отырады. ҚБСҚ – миграция мен күзет жолдарын қадағаласа, институт – киіктердің ауруын зерттеумен айналыспақ.

Жануарларды аулауға ҚБСҚ, БҚМ ҒЗИ, «Охотзоопром» ӨБ және ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті облыстық аумақтық инспекциясының қызметкерлері қатысты.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT