Ғалымдар пластик бөтелкені бірнеше сағатта өңдеп шығаратын фермент жасады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ғалымдар пластик көтелкелерді бірнеше ағаттың ішінде қайта пайдалануға болатындай етіп өңдеп шығаратын бактериалды фермент жасап шығарды, деп хабарлайды The Gardian.

«Фермент бөтелкелерді химиялық блоктарға өзгертеді. Кейін оны жоғары сапалы жаңа бөтелке жасау үшін пайдалануға болады. Ал қазіргі таңда өңделген пластиктер тек киім немесе кілем өндірісінде пайдалануға жарамды», - деп жазады автор.

Басылымның хабарлауынша, мұндай өңдеу тәсілі алдағы бес жылда өндірістік масштабта пайдаланылатын болады.

«Тәуелсіз сарапшылар жаңа ферментті ірі жетістік деп атады. Планетаны миллиардтаған тонна пластик қалдығы ластап жатыр. Ал жаңа фермент туралы материал Nature журналында жарияланды», - деп жазылған мақалада.

Авторлар ферментті өзгертіп, мутацияға ұшыратқан. Осылайша, оның пластикті ыдырату қабілеті жақсара түскен.



Соңғы жаңалықтар