Ғалымдар бір жыл сақтауға болатын жасанды қан ойлап тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Вашингтон университетінің ғалымдары дене тініне оттегі бере алатын жасанды қан жасап шығарды, бұл қанды ұнтақ түрінде сақтауға болады, деп хабарлайды шетелдік БАҚ.

Америкалық зерттеушілер өкпеге оттегі жинап, күллі ағзаға жеткізетін қанның жасанды қызыл жасушаларын жасап шығарды. Бұл жасанды қанды кептіріп, қатырып қоюға болады. Жедел жәрдем бригадасында сақтау мен тасымалдау үшін қолайлы. Бұл сығындыны қажет болғанда, жылдам сұйықтыққа  айналдыруға болады.

Технологияны жасаушылар кептірілген қан  қызыл бұрышты еске салатынын атап өтеді. Оны  тамырішілік екпе үшін арнайы ыдыстарда сақтауға болады. Оны сақтау мерзімі 1 жылдан асуы мүмкін. Қажет болған жағдайда ыдысқа тиісті мөлшерде зарарсыздандырылған суды құйса, ерітінді толықтай әзір болады.

Соңғы жаңалықтар