Ғалым Мұтанов ISESCO сыйлығын алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ислам ынтымақтастық ұйымы саммитінің «Ғылым мен технологиялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту» сессиясы барысында ISESCO бас директоры Абдулазиз Осман әл-Тувейджри Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтановқа ISESCO сыйлығын табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Абдулазиз Осман әл-Тувейджридің атап өтуінше, қазақстандық ғалым аталған мәртебелі наградаға ғылым жолындағы еңбегінің халықаралық деңгейде жоғары бағаланып, мойындалғаны және математикалық модельдеу, техникалық әрі әлеуметтік-экономикалық жүйелерді басқару саласындағы зор үлесі үшін марапатталған.

Айта кетейік, ISESCO сыйлығы Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің ғалымдарына биология, химия, геология, математика, физика және ғылыми технология салаларына қосқан айрықша ғылыми-инновациялық үлестері үшін беріледі. Сыйлық сертификаттан, алтын медальдан және ақшалай сыйақыдан тұрады.

ISESCO-ны 1979 жылы «Ислам конференциясы» ұйымы құрған болатын. Оның құрамына 50-ден астам мемлекет кіреді. Халықаралық ұйымның қызметі ислам әлем елдерінің ғылымын, білімі мен мәдениетін дамытуға және оған жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған.

Соңғы жаңалықтар