G7 елдері Ауғанстан әйелдерінің құқығына шектеулерді жою жөнінде үндеу қабылдады

None
None
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – «Үлкен жетілік» (G7) елдерінің сыртқы істер министрлері Германияда кездесу өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Бейсенбі күні «Үлкен жетілік» елдерінің сыртқы істер министрлері Ауғанстандағы әйелдер мен қыздардың құқығына қатысты мәлімдеме жасады.

«Біз – Канада, Франция, Германия, Италия, Жапония, Біріккен Корольдіктің және Америка Құрама Штаттарының «Үлкен жетілік» сыртқы істер министрлері, сондай-ақ Еуропалық одақтың Жоғарғы өкілі «Талибан» қозғалысы тарапынан Ауғанстандағы қыздар мен әйелдердің құқығы мен бостандығына қарсы енгізіліп отырған шектеулердің күшеюіне үзілді-кесілді қарсылығымызды және өкінішімізді білдіреміз», - делінген мәлімдемеде.

Құжатта атап өтілгендей, «Үлкен жетілік» елдерінің сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Ауғанстан халқының өздеріне тең құқықтар беру талабын қолдайды.

«...24 наурызда Норвегиямен бірлесіп жасалған мәлімдемені негізге ала отырып, біз «Талибанды» әйелдер мен қыздарға қойылған шектеулерді алып тастауға, адам құқығын құрметтеуге, олардың еңбекке, білім алуға және қоғамдық өмірге толыққанды, теңқұқылы және мағыналы қатысуын қамтамасыз ету үшін ауғандықтар мен бүкіл әлемнің үмітін ақтауға, сондай-ақ елдегі ұзақмерзімді бейбітшілік, тұрақтылық пен дамуда шешуші мәнге ие – жүріп-тұруға және сөз бостандығына кепілдік беруге шақырамыз», - делінген мәлімдемеде.


Соңғы жаңалықтар