G20 Саммиті қорытындысымен «Жиырмалық тобы» көшбасшыларының Санкт-Петербор декларациясы қабылданды

None
None
САНКТ-ПЕТЕРБОР. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат - «Үлкен жиырмалық» Саммитінің қорытындысымен «Жиырмалық тобы» көшбасшыларының Санкт-Петербор декларациясы қабылданды.

Бұл туралы G20 Саммиті аяқталғаннан кейін қорытынды баспасөз мәслихатында РФ президенті Владимир Путин мәлім етті.

В.Путин «Жиырмалық тобы» өзі өмір сүре бастаған бес жылдың ішінде әлемнің жетекші елдеррінің жаһандық экономика мен қаржы саласындағы жалпы тұрғыларын жасау және келісу жөніндегі шын мәніндегі тиімді тетікке айналды, деп атап өтті.

«Жиырмалық тобына» төрағалық ете бастағаннан бері біз өз міндетімізді ең алдымен инвестициялар, тиімді реттеу, нарықтардағы сенімді арттыру есебінен жаңа жұмыс орындарын құру және оның өсуін ынталандыру мәселесі деп белгіледік, - деп хабарлады РФ басшысы. - Ресейлік төрағалық кезеңінде қол жеткізілген жетістіктердің нәтижелері бүгін қабылданған «Жиырмалық тобы» көшбасшыларының декларациясында және осы құжатқа қосымшада бекітілді.

«Біз халықаралық қоғамдастық үшін де, сондай-ақ ресей экономикасы мүддесінде де көптеген маңызды іс жүзіндегі шешімдерге шықтық», - деді В.Путин.

«Санкт-Петербор іс-қимыл жоспары қабылданды. Әрбір ел үшін онда бюджет жеткіліксіздігін төмендету, сондай-ақ жалпы қамтитын құрылымдық реформалар жүргізу жөнінде ортамерзімдік мақсаттар белгіленді. Әңгіме еңбек нарығын реттеу және салық салу, адами капиталды дамыту, инфрақұрылымды жаңарту, тауар нарықтарын реттеу жөніндегі қолға алынатын қадамдар туралы болып отыр», - деді ол.

Еске сала кетейік, Ресейдің «Жиырмалық тобына» төрағалығы 2012 жылғы 1 женлтоқсанда басталды, саммит-2013 жүргізілген жұмыстардың басты қорытындысы болды. G20 Саммитіне 20 елдің президенті, сондай-ақ шақырылған мемлекеттердің 6 көшбасшысы және экономикалық саладағы ірі әлемдік ұйымдардың 8 басшысы қатысты.

Қазақстан Санкт-Петербордағы «Жиырмалық тобы» саммитіне ЕурАзЭҚ, Кеден одағы және ТМД өкілі ретінде шақырылды.

Соңғы жаңалықтар