Футзалдан Қазақстан чемпионатының екінші айналымы аяқталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан Қазақстан чемпионатының екінші айналымы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екінші айналым ойындары Қостанай облысы Рудный қаласындағы «Аят-арена» стадионында өтті.

Алматының «Қайраты» қайтадан көш бастады. Олардың еншісінде 43 ұпай бар. Одан кейінгі орындардағы «Атырау» 33, «Ақтөбе» 31 ұпай еншілеген.

Ал алғашқы екі айналымнан кейін «Аят» (Рудный) 24, «Жетісу» (Талдықорған) 20 «Нұр-Сұлтан» 18, «Байтерек» (Орал) 17, «Каспий» (Ақтау) 15 ұпай алды. Көш соңында Көкшетаудың «Оқжетпесі» 4 ұпаймен тұр.

Үшінші және төртінші айналымның күнтізбесі кейін анықталады. Сондай-ақ, плей-офф кезеңінің де ойындары қосымша хабарланады.


Соңғы жаңалықтар