Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайраттың» жартылай финалдағы қарсыласы анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан UEFA Чемпиондар лигасы жартылай финалында Алматының «Қайрат» командасының қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, қазақстандық клуб 28 сәуірде ширек финалда Португалияның «Бенфика» командасынан 6:2 есебімен басым түсті. Осылайша жартылай финалға жолдама алды.

«Қайрат» енді Испанияның «Барселона» клубымен кездеседі. Испаниялық клуб Словенияның «Добровец» командасын 2:0 есебімен жеңді.

Жартылай финал ойындары 1 мамыр күні өткізіледі. Финал 3 мамырға белгіленген. Ойындар Хорватияның Задар қаласында өткізіліп жатыр.

Сондай-ақ, бүгін, 29 тамызда ширек финалда «Интер» (Испания) - «Газпром-Югра» (Ресей), «Спортинг» (Португалия) - КПРФ (Ресей) командалары кездеседі.

Соңғы жаңалықтар