Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» пен «Ақтөбе» жарысты жалғастыра ала ма

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 16 қаңтарда футзалдан UEFA Чемпиондар лигасында қазақстандық «Қайрат» және «Ақтөбе» 1/16 финалдық ойынын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, екі команда да қарсыластарымен сырт алаңда кездеседі.

«Қайрат» Беларусьте «ВитЭн» (Орша) клубымен шеберлік байқасса, «Ақтөбе» Грекияда АЕК (Афины) клубымен ойнайды.

«Қайрат» аталған турнирде 2012/2013, 2014/2015 жылдарда жеңімпаз атанған болатын.

Бұл уақытта турнир UEFA кубогы деп аталатын. Оның қарсыласы «ВитЭн» әзірге мұндай жетістікті бағындырған жоқ. Өз елінде төрт мәрте чемпион атанды.

Екі команда бұдан бұрын 2013/14 жылғы кезеңде UEFA Чемпиондар лигасының элиталық сатысында Алматы қаласында кездесті.

Бұл жолы алматылық футзалшылар қарсыласын 9:0 есебімен тізе бүктірді.

«Қайрат» пен «ВитЭн» командалары арасындағы кездесу 17.00-де басталады. Ойын Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ал «Ақтөбе» мен АЕК командалары әзірге мұндай табыстарға қол жеткізе қойған жоқ.

Бұл командалар арасындағы кездесу елорда уақытымен 19.00-де басталады.

Соңғы жаңалықтар