Футзал: Қазақстан мен Израиль құрамалары екі ойынды да елордада өткізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан Қазақстан құрамасының 2022 жылғы Еуропа чемпионаты топтық іріктеу кезеңіндегі Израильмен болатын екі ойыны да елімізде өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, қазақстандық футзалшылар бесінші топқа түсті. Қарсыластары - Венгрия, Беларусь және Израиль құрамалары.

Қазақстандық құрама бұған дейін екі кездесу өткізуі тиіс болатын. Алғашқы ойында өз алаңында Венгриядан 5:0 есебімен басым түсті. Екінші кездесуді 28 қаңтарда Израильде өткізу жоспарланған. Дегенмен аталған мемлекетте 26-31 қаңтар аралығында коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында халықаралық рейстер жабылды. Сондықтан аталған ойынды кейінге шегеру жөнінде шешім қабылданды. Қос құрама арасындағы екі кездесу енді 9 және 11 сәуір күндері елордамыз - Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жекпе-Жек» стадионында болады деп күтілуде. Қазір турнир кестесінде Қазақстан, Венгрия және Беларусь құрамаларының қоржынында үш-үш ұпайдан бар. Екі қарсыласынан қазақстандық футзалшылардың бір ойыны кем. Соңғы орындағы Израиль әзірге ұпайға қол жеткізген жоқ. Айта кетейік, 2 наурызда Қазақстан құрамасы өз алаңында Беларусь құрамасын қабылдайды.


Соңғы жаңалықтар