+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Футзал: Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды

2019 жылғы 8 қараша 00:32
Бөлісіңіз:
Футзал: Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан 2020 жылғы әлем чемпионаты іріктеу сатысындағы элиталық кезеңінде сынға түсетін Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық футзалшылар D тобында Словения, Румыния және Чехия құрамаларымен шеберлік байқасады. Ойындар 2020 жылдың 28 қаңтары мен 2 ақпан аралығында Чехияда өткізіледі.

Элиталық кезеңде а тобында Португалия, Италия, Беларусь, Финляндия, В тобында Испания, Сербия, Украина, Франция, С тобында Ресей, Әзербайжан, Словакия және Хорватия құрамалары бақ сынайды.

Төрт топтың жеңімпаздары әлем чемпионатының финалдық кезеңіне тікелей жолдама алады. Екінші орын алған құрамалар қосымша ойындар өткізеді.

Естеріңізге сала кетелік, Қазақстан құрамасы негізгі кезеңде Албанияны 4:0, Голландияны 5:0, Румынияны 4:2 есебімен тізе бүктірді.

Әлем чемпионаты 2020 жылдың 12 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында Литвада өткізіледі. Онда барлығы 24 құрама сынға түседі.

Қазақстандық футзалшылар бұған дейін әлем чемпионаты финалдық кезеңінде 2000 және 2016 жылдарда бақ сынады. 2016 жылы 1/8 финалдға дейін жетті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT