+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Футзал: Қазақстан құрамасы сынға түсетін топтың ойын күнтізбесі анықталды

2019 жылғы 8 желтоқсан 21:51
Бөлісіңіз:
Футзал: Қазақстан құрамасы сынға түсетін топтың ойын күнтізбесі анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан 2020 жылғы әлем чемпионаты іріктеу сатысындағы элиталық кезеңіндегі Қазақстан құрамасының ойын күнтізбесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қуат Хамитов ресейлік спортшыны тұншықтыру әдісімен жеңді Теннис: Бублик Гамбург турнирінің жартылай финалына шыға алмады Елордада «Денсаулық - зор байлық» марафоны басталды

Естеріңізге сала кетелік, Қазақстан құрамасы D тобында сынға түседі. Қарсыластары - Румыния, Словения және Чехия құрамалары. Аталмыш топтағы ойындар 2020 жылдың 2-5 ақпан аралығында өткізіледі.

Қазақстадық футзалшылар 2 ақпанда Румыниямен кездессе, 3 ақпанда Словениямен шеберлік байқасады. Ал 5 ақпанда қазақстандық құрама Чехиямен ойнайды.

Естеріңізге сала кетелік, Қазақстан құрамасы элиталық атысына жолдама алған жарыстың негізгі сатысында Албанияны 4:0, Голландияны 5:0, Румынияны 4:2 есебімен тізе бүктірді.

Әлем чемпионаты 2020 жылдың 12 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында Литвада өткізіледі. Онда барлығы 24 құрама сынға түседі. Қазақстандық футзалшылар бұған дейін әлем чемпионаты финалдық кезеңінде 2000 және 2016 жылдарда бақ сынады. 2016 жылы 1/8 финалға дейін жетті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT