Футзал: Қазақстан құрамасы Израильден екінші мәрте басым түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан Қазақстан құрамасының 2022 жылғы Еуропа чемпионаты топтық іріктеу кезеңінде бүгін, 11 cәуірде елордада Израильмен кездесnі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін қазақстандық футзалшылар бес ойын өткізді. Олар Венгрия (5:0, 6:1) мен Беларусьті (5:2, 6:1) қапы қалдырып кетті. Одан кейін елордада Израильді 4:1 есебімен тізе бүктірді.

Бүгінгі кездесуде 1-минутта қазақстандық құрама сапынан Тайнан есеп ашты. Оданк ейін 4-минутта Тимур Балтабаев есепті үстемелей түсті.

Екінші кезеңнің 21-минутында қазақстандық Жомарт Тоқаев мергендік көрсетсе, Тайнан 24-минутта қорытынды есепті белгіледі. Осылайша қарсыласынан 4:0 есебімен басым түсті.

Айта кетерлігі, аталған кездесуде қазақстандық белгілі ойыншы Серік Жаманқұлов ұлттық құрама сапындағы соңғы ойынын өткізді. Ол алматылық «Қайрат» сапында еліміздің он дүркін чемпионы атанып, екі мәрте УЕФА Кубогын иеленді. Ұлттық құрама қатарында да бірқатар маңызды кездесуге қатысты.

Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде бірде-бір ұпай жоғалтқан жоқ. Барлығы 18 ұпай жинаған құрама турнир кестесінде бірінші орын алды.

Аталған бесінші топта 13 сәуірде Беларусь және Венгрия құрамалары шеберлік байқасады. Осылайша іріктеу кезеңі мәресіне жетеді.

Еуропа чемпионатының финалдық сатысы 2022 жылдың 19 қаңтар және 6 ақпан аралығында Нидерландының Амстердам және Гронинген қалаларында өткізіледі.


Соңғы жаңалықтар