Футзал: «Қайрат» ойыншысы 2020 жылғы әлемнің үздік қақпашысы атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат- Алматының «Қайраты» мен Қазақстан ұлттық футбол құрамасының қақпашысы Игита «Әлемнің үздік қақпашысы» атағына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қайрат» футзал клубының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Игита (шын есімі — Леонардо Де Мело Вийера Лейте) Futsal Planet нұсқасы бойынша бесінші мәрте әлемнің үздік қақпашысы атанып отыр.

Бүгін бүкіләлемдік Futsalplanet.com ресми сайтында футзалдағы жеке марапаттардың дауыс беру нәтижелері жарияланды.

Бұған дейін «Қайрат» қақпашысы Игита төрт рет (2015, 2016, 2018 және 2019) үздік қақпашы болған.


Дауыс беру қорытындысы мынадай:

1. Игита (Қазақстан) — 603 ұпай;

2. Гуитта (Бразилия) — 561

3. Хесус Эррера (Испания); — 409.


Соңғы жаңалықтар