Футболдан «Жетісу» командасына бас бапкер тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық маман Эдуард Глазунов «Жетісу» командасының бас бапкер қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде клубтың баспасөз қызметі мәлім етті.

Э.Глазунов 1970 жылы дүниеге келген. 1992 жылдан бастап кәсіби футболшы ретінде қазақстандық «Мұнайшы», «Қайрат», «Қарашығанақ», «Батыр», «Астана», «Тобыл», «Ақмола», «Ертіс» командаларында доп тепкен.

2003 жылдан бері «Қайрат», «Каспий», «Жетісу», «Қазақмыс», «Оқжетпес», «Астана-1964», «Қызылжар» командалаарында бас бапкер және бапкер болды. 2016-2017 жылдарда «Қайсарда» атқарушы директор, «Ертіс» клубының спорт директоры қызметін атқарды.

Еске салсақ, «Жетісу»былтыр Премьер-лигада 14-орынды місе тұтты. Команда биыл бірінші лигада ойнайды.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Тұран», «Тараз», «Ақсу» командаларын жаңадана бас бапкер тағайындалды.

7919


Соңғы жаңалықтар