Футболдан Ұлттар лигасы: Қазақстан алғашқы ойынын қайда өткізетіні белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан құрамасының алдағы Ұлттар лигасындағы алғашқы ойыны қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл кездесу 4 қыркүйектен 5 қыркүйекке қараған түні Литва құрамасына қарсы өтеді. Ойын елорда уақытымен 01.00-де Литва астанасы - Вильнюс қаласындағы «Жальгирис» стадионында болады. Стадионға 5 мыңнан астам жанкүйер сыяды. Онда Дитва құрамасы, «Жальгирис» және «Тракай» командалары ойын көрсетеді.

Айта кетейік, Қазақстан футболшылары С лигасының төртінші тобында бақ сынайды. Қарсыластары - Албания, Беларусь және Литва құрамалары.

Ал аталмыш турнирдегі өз алаңындағы алғашқы ойынын 7 қыркүйекте Алматы қаласында өткізеді.


Соңғы жаңалықтар