Футболдан ҚР чемпионаты: «Астана» мен «Тобыл» тең түсіп, «Қайрат» жеңіске жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің он бесінші туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Бүгін үш ойын өткізілді. Оның екеуінде тең ойын тіркелсе, біреуінде қарсыластар арасында жеңімпаз анықталды.

Жанкүйерлер елордада өткен «Астана» мен «Тобыл» ойынына көз тіккені анық. Турнир кестесінде алғашқы екі орында тұрған командалар текетіресінде кімнің жеңетіні қызық болатын. Дегенмен қос команда 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Алдымен 29-минутта «Тобыл» сапынан Неманья Николич есеп ашса, оған 44-минутта Марин Томасов таразы басын теңестірді.

Ал «Қайрат» сырт алаңда «Таразды» 2:0 есебімен басым түсті. Оны Вагнер Лав 11, Артур Шушеначев 67-минуттарда өзінің еншісіне жазды.

Ал «Қайсар» мен «Тұран» кездесуінде есеп ашылған жоқ.

Еске салсақ, аталған турдағы төрт ойын кеше, 12 маусымда өткізілді. Сырт алаңда «Каспий» «Жетісуды», «Ордабасы» «Ақжайықты», «Шахтерді», өз алаңында «Ақтөбе» мен «Атырауды» 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Енді он алтыншы тур ойындары 18 және 19 маусым күндері өткізіледі.


Соңғы жаңалықтар