Футболдан Конференция лигасы: Қазақстандық клубтардың ықтимал қарсыластары анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында футболдан Конференция лигасы плей-офф сатысының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл еліміздің атынан еурокубок ойындарында төрт команда бақ сынап жатыр. Еуропа лигасы үшінші іріктеу сатысында Алматының «Қайраты» Арменияның «Алашкертімен» кездеседі. жарысты жалғастырған жағдайда оларға 19 және 26 тамыз күндері «Мальме» (Швеция) және «Глазго Рейнджерс» (Голландия) жұбының жеңімпазы қарсылас атанады.

Ал жарыс жолынан шығып қалатын болса, қазақстандық ұжым Конференция лигасы плей-офф сатысында «Линфилд» (Солтүстік Ирландия) және «Фола» (Люксембург) жұбының жеңімпазымен кездеседі. Аталған командалар қазір Конференция лигасында сынға түсуде.

Конференция лигасының үшінші іріктеу сатысында «Астана» Финляндияның КуПС клубын жеңген жағдайда плей-офф сатысында Германияның «Униан Берлин» командасымен шеберлік байқасады.

Ал «Шахтер» аталған іріктеу сатысында Украинаның «Колосын» орта жолда қалдырып кетсе «Спартак Трнава» (Словакия) және «Маккаби Тель-Авив» жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Қостанайдың «Тобылы» үшінші іріктеу сатысында Словакияның «Жилинасын» жеңсе, плей-оффта «Яблонец» (Чехия) пен «Селтик» (Шотландия) жұбының жеңімпазымен жасыл алаңға шығады.

Еске салсақ, екінші іріктеу сатысында «Астана», «Шахтер» және «Тобыл» қарсыластарын қапы қалдырып кетті.


Соңғы жаңалықтар