Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресейлік маман Магомед Адиев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан футбол федерациясы мәлім еткендей, М.Адиевтің кандидатурасы аталмыш ұйымның атқарушы комитетінің шешімімен бекітілді.

М.Адиев ойыншы ретінде ресейлік «Анжи», ЦСКА, «Спартак», «Терек» және қазақстандық «Жеңіс» секілді клубтар сапында доп тепті.

Бапкерлік мансабын 2010 жылы бастап, «Ахмат», «Анжи», «Чайка» командаларын жаттықтырды.

2021 жылы қарағандылық «Шахтер» футбол клубының бас бапкері қызметін атқарып, командасымен УЕФА Конференция лигасының плей-офф кезеңіне шықты. Сонымен қатар қарағандылық клуб Қазақстан кубогының финалына дейін жетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын футболдан ел чемпионатында «Ақтөбенің» «Ақжайықты» ұтқанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар