Футболдан Қазақстан құрамасы ақпан айында жолдастық кездесу өткізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан құрамасы ақпан айында жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық құрама ақпан айында Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Оқу-жаттығу жиыны барысында жолдастық кездесу жоспарланған.

Бас бапкер Талғат Байсуфиновтің жетекшілігімен құрама 12 ақпан күні Түркияның Анталья қаласында жиналады. Ал 13 ақпан күні Қазақстан клубтарының легионерлерімен шеберлік байқасады.

«Легионерлер құрамасын Андрей Карпович пен Самат Смақов жинақтайды деп шешілді. Бұл мерзімде ФИФА-ның ресми датасы жоқ. Сондықтан, ұлттық құраманы ұзақ мерзімге ұстап отыруға болмайды. Қазақстан құрамасының жанкүйерлері бұл матчты тікелей эфирде көре алады», - деп мәлім етті Қазақстан футбол федерациясынан.

Еске салсақ, ұлттық құрама наурыз айында Ұлттар лигасы жұбаныш кездесуінде Молдовамен ойнайды. Екі кездесу нәтижесі бойынша жеңімпаз құрама алдағы уақытта аталған турнирде қай лигада ойнайтыны анықталады.

Сондай-ақ, футболдан ел құрамасының 2022 жылғы Ұлттар лигасындағы қарсыластары анықталды.


Соңғы жаңалықтар