Футболдан Қазақстан кубогы: Бүгін үшінші тур ойындары басталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Қазақстан кубогы топтық кезеңінің үшінші туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойындар екі күнге белгіленген. Алдымен 24 шілдеде төрт ойын белгіленсе, 25 шілдеде де төрт матч өткізіледі.

Бүгін, 24 шілдеде «Қайрат» (Алматы) мен «Тұран» (Түркістан), «Қызылжар» (Петропавл) мен «Ордабасы» (Шымкент), «Атырау» мен «Тараз», «Ақтөбе» мен «Қайсар» (Қызылорда) шеберлік байқасады.

Ал 25 шілдеде «Шахтер» (Қарағанды) мен БЖМОРСМ (Нұр-Сұлтан), «Атырау» мен «Тараз» , «Каспий» (Ақтау) мен «Жетісу» (Талдықорған), «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Ақжайық» (Орал), «Тобыл» (Қостанай) мен «Мақтарал» (Түркістан облысы) үшінші турды түйіндейді.

Айта кетсек, биыл аталған дода жаңа талаптар бойынша ойналады.

Топтық кезеңде Премьер-лиганың 14 командасы мен іріктеу кезеңінен іркілмей өткен бірінші лиганың екі клубы төрт топқа бөлінген.
Соңғы жаңалықтар