+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Жетісу» мен «Ақжайық» тартысты матчта тең тарқасты

2021 жылғы 18 қыркүйек 17:01
Бөлісіңіз:
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Жетісу» мен «Ақжайық» тартысты матчта тең тарқасты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Футболдан Қазақстан чемпионатының 21-турында Талдықорғанда жергілікті «Жетісу» Оралдың «Ақжайығын» қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
2021-2022 маусымындағы футзалдан ҚР чемпионатының күнтізбесі жарияланды Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ақжайық» пен «Тұран» тең тарқасты Футболдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Финляндияға есе жіберді

Турнир кестесінде батысқазақстандықтар 28 ұпаймен 6-сатыда келе жатса, небәрі 11 ұпайы бар талдықорғандықтар көш соңында еді.

Өткен турда өз алаңында «Астанаға» есе жіберген оралдықтардың бас бапкері, украиналық маман Владимир Мазяр бұл жолы Иван Антипов пен Владимир Плотниковтың орнына Алексей Чичиков пен Михаил Гащенковтарға сенім артты.

Басқалай өзгеріс жасаған жоқ.

Премьер-лигада қалу үшін алаң иелерінің де барын салатыны түсінікті еді.

Бірінші таймда қарсыластар шабуылдап баққанымен, есеп ашылған жоқ.

Матчтың екінші кезеңі әлдеқайда нәтижелі өрбіді. Алдымен 57-минутта «Жетісу» сапынан Айбар Жақсылықов есеп ашса, 64-минутта «Ақжайықтан» ресейлік Евгений Козлов таразы басын теңестірді.

10 минуттан кейін Рауль Джалилов алаң иелерін тағы да алға шығарғанымен, 80-минутта Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Еркін Тапалов баспен қақпа бұрышын дәл көздеді – 2:2.

Бұдан кейін есеп өзгерген жоқ.

«Ақжайық» келесі кездесуін 25 қыркүйекте өз алаңында Қызылорданың «Қайсарымен» өткізеді. Ал «Жетісу» Ақтөбеге қонаққа барады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықты» жеңген «Астананың» көш басына көтерілгенін жазған болатынбыз.


Фото: Айбатыр Нұраш


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT