17:20, 16 Қазан 2021 | GMT +6
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ақжайық» пен «Тұран» тең тарқасты
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан чемпионатының 24-турында Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында Түркістанның «Тұран» командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұған дейін оралдықтар қатарынан бес ойында жеңіске жетпеген еді. Ал түркістандықтар төрт тур бойы жеңілмей келе жатқан-ды.
Бірінші таймда 30-минутта «Ақжайық» құрамындағы ресейлік Михаил Гащенков әдемі гол соғып, командасын алға шығарды. Алайда екінші таймда қонақтардан ресейлік Павел Деобальд 73-минутта таразы басын теңестіріп кетті - 1:1.
Оралдықтар 31 ұпаймен турнир кестесінде алтыншы орынға көтерілді. 25 ұпайы бар «Тұран» 12-орында келеді.
«Ақжайық» келесі кездесуін 24 қазанда Ақтауда «Каспиймен» өткізеді. Ал түркістандықтар өз алаңында «Ақтөбені» қабылдайды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайық» пен «Қайсардың» тең ойнағанын жазған болатынбыз.
Суреттер - Айбатыр Нұраш.