Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Тобыл» көш бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің он жетінші туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше, 22 маусымда аталған турда елордада «Астана» Шымкенттің «Ордабасы» клубынан 0:2 есебімен жеңілсе, одан кейін «Ақжайық» пен «Шахтер», «Ақтөбе» мен «Қызылжар» 1:1 есебімен тең түсті.

Бүгін, 23 маусымда Талдықорғанда «Жетісу» мен «Атырау» командалары кездесті. Ойын барысында атыраулық клуб сапынан Петр Гжельчак 63-минутта есеп ашса, 75-минутта талдықорғандық Артем Дмитриев таразы басын теңестірді. Жеңіс голын 83-минутта «Атырау» сапынан Брайан жеңіс голын соқты. Осылайша мұнайлы қаланың командасы 2:1 есебімен басым түсті.

Ал Алматыда «Қайрат» өз алаңында Ақтаудың «Каспий» командасын қабылдады. Ойынның 6-минутында алматылық Артур Шушеначев есеп ашты. Одан кейін Вагнер Лав 25, 71-минуттарда қос голдың авторы атанса, «Каспий» сапынан Руслан Мингазов есеп айырмасын қысқартты. Бұдан кейін «Қайрат» сапынан Камо Оганесян 83, Гулжигит Алықұлов 90-минуттарда мергендік танытып, қорытынды есепті белгіледі. Нәтижесінде алматылық клуб қарсыласын 5:1 есебімен тізе бүктірді,

«Тараз» өз алаңында Түркістанның «Тұран» командасымен шеберлік байқасты. Ойын барысында түркістандық Темірлан Әміров 71-минутта есеп ашса, тараздық Жақып Қожамберді 87-минутта таразы басын теңестірді. Екі команда 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Аталған турды Қызылордада жергілікті «Қайсар» мен Қостанайдың «Тобыл» командалары түйіндеді. Бұл ойында алдымен қостанайлық Сергей Малый 13-минутта есеп ашса, оған «Қайсар» сапынан Йован Чадженович 27-минутта бір голмен жауап қайырды. Екінші кезеңнің 63-минутында Дмитрий Мирошниченко қайтадан «Тобылды» алға шығарды. Ал 74-минутта қостанайлық клубтан Роман Асранкулов алаң иелері қақпасына тағы бір гол енгізді. Осылайша «Тобыл» алаң иелерін 3:1 есебімен жеңіп, турнир кестесінде көш басына шықты.

Енді 17-тур ойындары 27 және 28 маусым күндері өткізіледі.


Соңғы жаңалықтар