+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Астана» он бірінші жеңісіне қол жеткізді

2021 жылғы 18 маусым 23:18
Бөлісіңіз:
Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Астана» он бірінші жеңісіне қол жеткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің он алтыншы турының алғашқы ойын күні аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Токио-2020: Елена Рыбакина ширек финалға жолдама алды Токио-2020: Василий Левит қарсыласынан нокаутпен жеңілді Токио-2020: Абылайхан Жүсіпов америкалық боксшыдан жеңіліп қалды

Бұдан бұрын Оралдың «Ақжайығы» сырт алаңда Петропавлдың «Қызылжарынан» 1:0 есебімен басым түскенін хабарлаған едік.

Одан кейінгі кездесуде Қарағандының «Шахтері» «Тараз» командасын қабылдады. Ойын тағдырын шешкен жалғыз голды қарағандылық Алан Чочиев 21-минутта өз еншісіне жазды. Осылайша «Шахтер» жеті ойынға созылған сәтсіздіктер сериясын тоқтатып, қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

Елордалық «Астана» сырт алаңда «Атырауды» 2:0 есебімен тізе бүктірді. Екі голды да Марин Томасов соқты. Нәтижесінде ол биылғы біріншілікте соққан голының санын 11-ге жеткізді.

Ал Шымкенттің «Ордабасы» клубы өз алаңында «Ақтөбеге» 0:1 есебімен жол берді. Кездесу тағдырын шешкен, 80-минутта соғылған голдың авторы - Юрий Логвиненко.

Аталған турдағы қалған үш ойын 19 маусымда өткізіледі. Бұл күні «Тобыл» (Қостанай) мен «Жетісу» (Талдықорған), «Каспий» (Ақтау) мен «Қайсар» (Қызылорда), «Тұран» (Түркістан) мен «Қайрат» (Алматы) кездеседі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT