Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Астана» қайтадан көш басына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 21-турының алғашқы ойын күні өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордалық «Астана» өз алаңында «Ақтөбеден» 2:1 есебімен басым түсті. Кездесу барысында елордалық клубтан Фатос Бечирай 4, Марин Томасов 15-минуттарда мергендік танытты. Оған ақтөбелік командадан Дмитрий Коркишко 19-минутта адлғыз голмен жауап қайырды.

Осылайша «Астана» турнир кестесінде қайтадан көш басына шықты. Қоржынында 47 ұпай бар. Ал екінші орындағы «Тобыл» 20 ойыннан кейін 45 ұпай еншілеген.

Сондай-ақ, «Жетісу» мен «Ақжайық» 2:2, «Тұран» мен «Ордабасы» 1:1 есебімен тең түссе, «Каспий» «Атыраудан» 2:1 есебімен басым түсті.

Аталған турдағы екінші ойын күні 19 қыркүйекте жалғасады. Бұл күні «Тараз» бен «Тобыл» (Қостанай), «Қайрат» (Алматы) мен «Қызылжар» (Петропавл), «Қайсар» (Қызылорда) мен «Шахтер» (Қарағанды) шеберлік байқасады.


Соңғы жаңалықтар