+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Футболдан Еуропа лигасы: Финалға шыққан екі команда анықталды

2021 жылғы 7 мамыр 03:01
Бөлісіңіз:
Футболдан Еуропа лигасы: Финалға шыққан екі команда анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UEFA Еуропа лигасы финалына жолдама алған екі команда анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футболдан Еуропа чемпионаты: Нидерланды мен Австрия жарыстың келесі сатысына шықты Футболдан Еуропа чемпионаты: Италия топтық кезеңде ұпай жоғалтқан жоқ Футболдан еуропа чемпионаты: Швейцария Түркиядан басым түсті

Алғашқы жұпта «Рома» (Италия) мен «Манчестер Юнайтед» (Англия) командалары шеберлік байқасты. Олардың арасындағы жеңімпаз бірінші кездесуде-ақ анықталып қойды деуге негіз бар. Ағылшын жерінде өткен ойында «Манчестер Юнайтед» қарсыласын 6:2 есебімен ойсырата жеңген болатын.

Бүгінгі ойында итальяндық клуб сол кеткен есені қайтаруға тырысты. Дегенмен ағылшын футболшылары оған мүмкіндік бере қойған жоқ. Ойынның 39-минутында «Манчестер Юнайтед» сапынан Эдинсон Кавани мергендік танытты. Одан кейін «Рома» сапынан Эдин Джеко 57, Бриан Кристанте 60-минуттарда қақпаны дәл көдеді. Ал 68-минутта Эдинсон Кавани өзінің екінші голын соғып, таразы басын теңестірді. Никола Залевский 83-минутта «Романы» тағы да алға шығарды. Кездесуде алаң иелері 3:2 есебімен жеңді. Алайда қос ойынның қорытындысымен «Манчестер Юнайтед» финалға жолдама алды.

«Арсенал» (Англия) мен «Вильярреал» (Испания) командалары тағы бір жолдаманың иегерін анықтады. Бірінші кездесуде «Вильярреал» ағылшындық клубты 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Бүгінгі ойында да тартысқа толы болды. Десе де қарсыластар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ. Кездесу 0:0 есебімен тең аяқталды. Финалға «Вильярреал» жолдама алды.

Финал 26 мамырда Польшаның Гданьск қаласындағы «Энерга Гданьск» стадионында өткізіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT